Жамбыл ауданының денсаулық сақтау  мекемесінің тарихы

1903 жылы ауылдық  ауруханасы, 25 төсектік аурухана мен  5 фельдшерлік – акушерлік қосын  1921 жылдан  бастап Жамбыл аудандық  денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істей бастады.

1931 – 1956 жылдары аралығында Ф. А. Брянцев басқарған.

1947 жылы аудандық денсаулық сақтау басқармасын  Ю.П. Яненко  басқарды.

1953 жылы Ұзынағаш  бекетінде  аурухана , 1954 жылы Мыңбаев ауылында  5 төсектік аурухана ашылды.

1956 – 1963 жылыдар аралығында  Д. С. Сұлтанов басқарған, осы кезеңде емдеу мекемелер саны 7-ге көбейіп, төсек-орын қоры 120 болды, барлық ауылдарда фельдшерлік – акушерлік қосындар  жұмыс істей бастады.

1958 – 1973 жылдары  социалистік еңбек ардагері  И.А.Әлібеков Каргалы  ауылдық ауруханасын басқарды.

1962 -1979 жылдар аралығында   Р. М.Ержанова басқарды.

Р. М.Ержанова  денсаулық сақтау саласының үзідігі  атағына ие болған  және  КСРО "Қызыл ту" орденімен марапатталған.

1968 жылы Мыңбаев ауылында 30 орынға арналған аурухана ашылды.

1972 жылдан бастап Қарғалы ауылдық ауруханасында 75- төсекке көбейді.

1975 жылы Ұзынағаш ауылында 230 орындық ауруханасы қолданысқа берілді.

1978 жылы Жамбыл ауданындағы "Үздік аурухана" атағы  ДЖДСҰ (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) арқылы берілді.

С 1979-1988 жылы орталық аудандық аурухананы  К.Т.Омаров басқарды.

1985 жылы бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана пайдалануға берілді.

1988 – 1991 жылы орталық аудандық аурухананы  М.Қабыкенов басқарды.

1991 – 2006 жылы  орталық аудандық аурухананы А.Д.Келгенбаев басқарды.

КСРО және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі атанған және  

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»  медалімен марапатталған.

Осы кезеңде емдеу – профилактикалық мекемелер   15 дәрігерлік амбулатория, 3 ауылдық ауруханаға, 41 медициналық қосындарға  көбейді.

2004 жылдан бастап орталық аудандық ауруханада телемедицина кабинеттері, УДЗ, баклаборатория кабинеттері және  жылжымалы флюороаппараты іске қосылды.

2005 жылы Мыңбаев ауылының ауылдық ауруханасы "үздік аурухана" атағына ие болды.

2006 жылдан бастап аудандық орталық аурухананы Д.Ө.Молдақалыкова басқарды және сол жылы Алматы  облысының мәслихаттының  депутаты болып сайланды.

2008 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша  Аққайнар ауылында  жаңа дәрігерлік амбулатория ғимараты пайдалануға берілді, Бірлік және Қастек ауылдарында жаңадан салынған медициналық қосындар  іске қосылды.

2013-2015 жылдары  Қазыбек бек бекетінде жаңа аурухана салынды және   Ақсеңгір, Дегерес, Таңбалытас, Ынтымақ, Қайназар, Жаңа-Құрылыс  ауылындарына жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынды.

Осы жылы Жамбыл аудандық орталық ауруханасына және  Қарғалы,  Мыңбаев ауылдық ауруханаларында күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

 

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаудың арқасында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытуға арналған "Саламатты Қазақстан" 2011–2015 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы  медициналық қызмет көрсету сапасын және аудан  халқына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсаруына  игілігін  тигізді.

2008 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Аққайнар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория  ғимараты пайдалануға берілді. Бірлік және Қастек ауылындарына  жаңа медициналық қосын ғимараты салынды.

2013-2015 жылдары ст Қазыбек бек ауылдық аурухана  жаңа ғимаратты салынып,   Ақсеңгір, Дегерес, Таңбалытас, Ынтымақ, Қайназар, Жаңа-Құрлыс  ауылындарына жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынды.

Аудандық орталық ауруханаға, және емханаға, Қарғалы,  Мыңбаев ауылдық аурухана  ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

2016жылы  Самсы ауылына дәрігерлік амбулатория салынды. Қара-кастек ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысы басталып 2018жылға аяқталады.

Алматы облысының және Жамбыл ауданы әкімдігі, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының қолдаумен медициналық ұйымдардың материалдық техникалық жабдықталуы жақсарды.

Аудан аумағы 19,5 мың шаршы метрден тұрады, халық саны 158800 жетті.

Қазіргі таңда  аудан халқына Ұзынағаш ауылында 1-орталық аудандық аурухана, 1-аудандық аурухана  Қарғалы ауылында, 2-ауылдық аурухана  Мынбаев, Қазбекбек бекетінде, туберкулез ауруханасы, 20 дәрігерлік амбулатория  және 8 фельдшелі-акушерлік қосын 22 медициналық қосын медициналық қызмет көрсетуде.

 

Еңбегі сіңген ауданның медициналық қызметкерлері:

Ш. Мукушова (бас дәрігердің орынбасары)

К. Абдыкапарова (бас дәрігердің орынбасары )

А. Кәрімов –( хирург)

Л. Кольнова (терапевт)

С. Мусаева, М ВА с Ақсеңгір)

З. Чажабаева М ВА с Бериктас)

Б. Аразбаева ( невропатолог )

Ж. Туганбаев ( невропатолог)

Ж. Мусаева – (Қазбек бек бекетінің ауылдық ауруханасының меңгерушісі)

Ж. Богуспаева дәрігер педиатр

Л. Юзвак ( бас мейірбике)