3 қыркүйек күні «Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да Облыстық перинаталдық орталық кураторларының қатысуымен оқыту семинары өтті.
СҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК Перинаталдық орталығының акушерлік-гинекологиялық қызмет блогының меңгерушісі, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер Светлана Юрьевна Дятлова мына тақырыпта семинар өткізді:
«Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты» (ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы).
Сондай-ақ, Перинаталдық орталықтың балалар жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, неонаталдық қызмет бойынша үйлестіруші, жоғары санатты неонатолог дәрігер Наталья Валерьевна Салохина Жамбыл аудандық ауруханасының қызметкерлеріне жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Семинар барысында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылып, жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсетудің практикалық дағдылары пысықталды.
