Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл аудандық ауруханасында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен хирург дәрігер Әбдібаев С. Ж. "Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Аққайнар амбулаториясының меңгерушісі Мамекова К. А. " Халық алғысы" төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен невропатолог дәрігер Арзабаева Б. С. "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен дәрігер хирург Оралов С. А. "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, зертхана меңгерушісі Бактыбаева А. С., тіс дәрігері Садыкова С. А. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара барысында зейнетке шыққан мамандарды құттықтап, құрмет көрсетілді.

Мерекелік іс-шара шағын концертпен жалғасты.