Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай орталық спорт кешенінде Жамбыл аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері арасында волейболдан, стөл тенісінен жарыс өтті. Жарысқа орталық емханадан «Арлан», орталық ауруханадан «Барыс», «Жедел жәрдем», «Қамқорлық» командалары қатысты. Жарысқа қатысушыларға аурухана кәсіподағынан кубоктар, грамоталар және сыйлықтар табыс етілді. Бас жүлдені Жамбыл аудандық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің атынан А.Ж.Медеуова телевизор табыс етті.