Сүт безінің қатерлі ісік ауруын алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті. Акцияның мақсаты-әйелдеріміздің сүт безінің қатерлі ісік ауруын алдын алу, диагностикалау және емдеудің ерте белгілері мен қолданыстағы әдістері туралы хабардар болуын арттыру. Іс-шара барысында барлық тілек білдірушілер маммологтар мен УДЗ мамандарының білікті кеңесін тегін ала алады (қажет болған жағдайда).
Онкопатология құрылымында біздің еліміздің әйелдер арасында қатерлі ісіктің бұл түрі бірінші орын алады. Сүт безінің ісікалды және ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау, уақтылы тиімді емдеу жүргізу мүмкін болған кезде, әйелдерге өмірді, денсаулық пен сұлулықты сақтауға, сондай-ақ толыққанды өмірге оралуға нақты мүмкіндік береді.